/img/tv1.svg
RU KZ
DOW J 23 724,20 Hang Seng 24 275,22
FTSE 100 5 842,66 KASE 2 249,72
РТС 1 141,99 Өнеркәсібі 1 484,00
Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жолдады

Ел азаматтарын Covid-19 коронавирусынан қорғау  үшін президент бір айға  төтенше жағдай енгізді. 

16 Наурыз 2020 16:31 2037

Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жолдады

Автор:

Нұржан Көшкін

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қажет болған жағдайда, елімізде төтенше жағдай режимінің мерзімінің ұзартылуы мүмкін екенін айтты. 

«Қазақстан заңнамасына сәйкес мен елімізде төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойдым. Менің кешегі Жарлығыммен бүгін таңғы сағат 8.00-ден бастап Қазақстанның аумағында төтенше жағдай енгізілді. Төтенше жағдай режимі 30 тәулікке созылады. Қажет болған жағдайда режим мерзімі ұзартылуы мүмкін», – деді Тоқаев бүгін телевизия арқылы жасаған үндеуінде. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетке дағдарыс кезіндегі мәселелерді тез арада шешуге мүмкіндік беретін жарлыққа қол қойғанын да айтты. 

«Мен «Мемлекет жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойдым. Бұл құжат мемлекеттік органдардың тиімділігін арттырады, билік вертикалін күшейтеді және дағдарыс кезінде қажет болған жағдайда салық саласында да жедел шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді», – деді Тоқаев. 

«Бұл жарлық дәрі-дәрмектер мен басқа да құралдарды, негізінен отандық өндірушілерден қажетті мөлшерде сатып алуды жеңілдетілген тәртіпте жүзеге асыру құқығын береді. Осылайша, біз уақыт пен ақша үнемдейміз, бұл қазіргі төтенше жағдайда өте маңызды», – деп сөзін толықтырды ол. 

Сақтанғанды Құдай сақтайтынын еске алаған Президент коронавируспен күрес шаралары аясында үкімет сынақ жүйелері мен жабдықтарын сатып алуға қаражат бөлгенін атап өтті. 

«Менің тапсырмам бойынша Үкімет қорынан дәрі-дәрмек, тест-жүйелерін және зертханаға арналған жабдықтарды алу үшін қаражат бөлінді», – деді Мемлекет басшысы. 

Президент елдегі, азық-түлік қоры жеткілікті екеніне сендіре отырып, отандастарымызды сабырлы болуға шақырды. 

«Біз ел-жұртты дүрліктіретін, арандататын әрекеттерге тыйым саламыз. Жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылады. Бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстар тек ресми мәліметтерге сүйеніп, жұмыс істеуі керек», – деді Президент. 

«Бұл індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар екенін баса айтқым келеді. Қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығамыз. Бұл – уақытша дүрбелең. Осы дағдарыстан абыроймен өтуіміз керек! Енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуы қажет. Еліміздің барлық азаматтары өкілетті органдардың қызметіне қолғабыс көрсетеді деп сенемін. Осындай кезде бәріміз сабыр сақтап, тәртіпке бағынуымыз керек», – деп сөзін толықтырды ол. 

Дүйсенбі күнге дейін елімізде Covid-19 жұққан тоғыз жағдайы тіркелді. Алматыда жеті адам ауруханаға жатқызылды, соның ішінде 12 жасар қыз бала да бар. Ал Нұр-Сұлтан қаласында екі жағдай тіркелген. Президент елімізде дағдарыстың теріс әсерін жоюға жеткілікті қаражат бар екенін айтты. Сондай-ақ, еліміз бизнесті және халықты жұмыспен қамтуды қолдауды барынша арттыру үшін бюджет шығыстарын қайта қарастырады, деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

«Экономикалық катаклимздерге қарамастан, біз әлеуметтік шиеленіс пен жұмыссыздықтың артуына жол бермеу үшін барлық қажетті шараны қабылдаймыз. Елбасының көреген саясатының арқасында еліміздің халықаралық резервтері 90 млрд долларға жетті. Бұл экономикамыздың  тұрақтылығын қаматамсыз етуге және мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерін орындауға қажет маңызды кепіл», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық Үндеуде. 

«Біз бюджет шығыстарын жұмыспен қамтуға және бизнеске әсерін барынша арттыратын бағыттарға бағыттаймыз », – деді Президент. 

Ол отандық кәсіпкерлерді қолдауға және жаңа жұмыс орындарын құруға кемінде 300 миллиард теңге бөлінетінін еске салды. 

«Біз бизнесті несиелеу деңгейінің төмендеуіне жол бермеуіміз керек. Ішкі нарықты толтыру және өндірісті ынталандыру үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру артады», – деді Мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет коронавирус туындаған дағдарысқа байланысты әлеуметтік шиеленіс пен жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын айтты. 
«Біз коронавирустың әлемдік экономикаға өте жағымсыз әсерін көрдік. Шындығында, біз бүкіл әлемдік экономикалық жүйені қайта форматтау туралы айтып отырмыз. Қазақстан осы үлкен дағдарыстың салдарын сезінеді, бірақ экономикалық апаттарға қарамастан, біз әлеуметтік шиеленістің және жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу үшін барлық шараларды қолданатын боламыз.», – деді Тоқаев. 

Сонымен қатар Үкімет пен әкімдер азық-түлік тауарлары мен қызметтердің бағасын қатаң бақылауға алады деп сендірді. 

«Осы орайда, азық-түлік қоры жеткілікті екеніне назар аударғым келеді. Күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейд», – деді ол. 

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті азаматтарды коронавирустың таралу қаупі туындаған кезде тәртіп сақтауға және гигиенаны сақтауға шақырды. 

«Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуы қажет. Еліміздің барлық азаматтары өкілетті органдардың қызметіне қолғабыс көрсетеді деп сенемін. Осындай кезде бәріміз сабыр сақтап, тәртіпке бағынуымыз керек.  Дерттің алғашқы белгілері пайда болған жағдайда бірден тұрғылықты жердегі дәрігерге қаралу қажет», – деді Тоқаев. 

Мемлекет басшысы бұл күндері денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне көп ауыртпалық түсетініне де тоқталды.

«Ел өміріндегі бұл күрделі кезеңді біздің дәрігерлер абыроймен өтіп, азаматтарымыздың денсаулығы үшін барлық жағдай жасауы керек», – деп атап айтты.

Нұржан Көшкін

inbusiness.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Халықтың өмірі үшін күресіп жүрген азаматтарға қолдау білдірейік

Ақмешіттің ақ халатты дәрігерлері «Соңғы науқас жазылғанша, үйге қайтпаймыз» дейді.  

09 Сәуір 2020 21:47 993

Халықтың өмірі үшін күресіп жүрген азаматтарға қолдау білдірейік

Ел басына күн туған төтенше жағдай уақытында Сіз бен Бізге қызмет етіп жүрген жандардың еңбектері ересен. Карантин уақытында бастарын «бәйгеге» тігіп, «көрінбейтін майдан» шебінде жүрген жандар сүреңсіз індетті ауыздықтау үшін күн-түн демей жұмыс істеуде. Солардың бірқатарын ел біле жүргені абзал.

Инфекциямен күрестің негізгі салмағы ақ халаттыларға түсіп тұр. Ушығып түрған індет дәрігерлер қауымына жауапкершілік жүгін еселеп артып берді.

Жай күннің өзінде халықтың саулығы жолында қарбалас тірлік кешетін  олар бүгінде тіпті күрделі жағдайда еңбек етуде. Өйткені бар үміт – дәрігерлерде. Антына берік ақ халаттылар үй бетін көрмей науқастарды аман алып қалу жолында жүр. Қызылорда облысында ауру анықталған алғашқы күннен бері эпидемиолог, инфекционист мамандар аяғынан тік тұрып қызмет етіп жатыр.

«Соңғы науқас жазылғанша, үйге қайтпаймыз», дейді Жаңақорған ауданаралық ауруханасының жоғары санатты аға дәрігер-эпидемиологы Асқан  Отарбеков.

«Бекітілген тәртіп бойынша медицина маманы науқас қашан айығып кеткенше үйіне жіберілмейді. Оларға науқастар жатқан ғимарат ішінен шығуға рұқсат жоқ. Соңғы пациент жазылып шыққан соң ғана үйіне бара алады. Дәрігер-медбикелеріміз осы тәртіпке бағынып, жұмыстарын атқаруда. Менің өзім ауру анықталған алғашқы күннен бастап, үйіме барған жоқпын. Отбасыммен тек телефон арқылы ғана сөйлесемін. Науқастардың жағдайының күрт төмендеп кетпеуіне, дертінен айығып үйлеріне аман-есен оралуларына біз жауаптымыз», – дейді ол.

Асқан Бердіұлының айтуынша, аудандық инфекциялық бөлімде 25 қызметкер бар екен. Он маман науқастардың айығып кетуі үшін тынбай еңбек етуде. Бүгінде ем алып жатқан науқастардың жағдайы қалыпты, асқынулар болып жатқан жоқ. Медицина мамандары күшейтілген жұмыс режиміне көшкен.

Төтенше жағдайда тұрғындар тарапынан сан сауалдардың болуы заңды. Мемлекеттік қызметті ұғынықты жеткізіп отырған ХҚКО мамандары да қашықтан жұмыс жасауға көшкен. Күрделі ахуалға қарамастан сан-салалы сауалдарға жауап беріп отырған қызметкердің бірі Жанар Абибуллаева. Тәжірибелі маман бейнеқоңырау арқылы Арал халқына онлайн түрде қызмет көрсетуде.

«Үйде жұмыс істеу әрине қиын. Әрі қолайсыз. Бірақ қазіргі жағдай соны талап етіп отыр. Күніне 150-ге жуық қоңырауға жауап беріп, кеңес беремін. Тұрғындар онлайн ЭЦҚ алу, мобильді азаматтар базасына тіркелу және түрлі мемлекеттік анықтамаларды алу бойынша хабарласады. Халықтың разылығы үшін үлгеруге тырысамын. Бұл қиындықтарды жеңетінімізге сенемін»,  – дейді Жанар.  

«Атамекен» ҰКП облыстық Кәсіпкерлер палатасы індет кезінде болуы мүмкін барлық жағдайды талдап, алдын ала іске кірісіп кеткен бірден-бір ұжым. Әрбір кәсіпкердің шешілген мәселесімен бірге қуанып, кедергіге бірге қиналатын Палата өкілдері тек штабта ғана емес, әр аудандағы кәсіпкерлерді құқықтық ақпараттандырып, тіпті кей мәселелерді дереу шешіп жатыр.

Шаруа жайын күйттеп жүрген кәсіпкерлерге көктемнің әрбір күні алтынмен тең. Қысылтаянда берілген көмектің сауабы да зор. Әсіресе карантин уақытындағы блок-посттардан өту, кәсіпкерлердің халыққа қажетті тауарларын өткізуі үлкен қиындық тудырса да, Кәсіпкерлер палатасының көмегі арқасында нәтижелі жұмыстарды көріп отырмыз.

Уақытпен санаспай жұмыс жасап жатқан Палата мамандарының бірі Алма Аманбайқызы. Карантин басталғалы демалысты ұмытқан. Жұмысы, таңғы 7-ден телефон көтеруден басталады, әрі қарай кәсіпкерлердің автокөлігі, ондағы адамның ақпараты, фирмасы, тауары секілді барлық деректі жинап, тіркеп, тиісті орындарға жіберіп, мәселенің дер кезінде шешілуіне атсалысып отыр.

Ал, көктемгі егіске байланысты шаруалардың темір-терсегінен бастап, суына дейінгі проблемаларын шешіп жүрген Жасұлан Серіков, дихандардың күрішінің экспортталмай қалу қаупі төнгенде «дабыл» қағып, мәселені уақытында шеше білді. Шаруабасты Жасұлан билік пен агросаланың арасына «жол сала» білген азамат.

Блок-пост қойылған алғашқы ажиотаж күндерде бекеттерде кәсіпкерлер жан-айқайына құлақ түрген Мұрат Сұлтанғазыұлы, олардың кедергісіз жұмыс жасауы үшін проблемаларын облыстық, қалалық штабқа жеткізіп отырды. Қай жерге, ненің керек екенін ақпараттандырумен бірге кәсіпкерлердің проблемаларына анализ жасап, «Атамекенге» ұсыныстарда жіберіп отыр.

Сонымен қатар, кәсіпкерлердің заттарын экспортқа кедергісіз шығуы үшін қажетті сертификат берумен айналысып жатқан Айман Шаймаханқызына да күніне 10-15 адам шағымын жеткізеді. Әрине сертификат алу үшін. Әр кәсіпкердің жоқ дегенде 20-40 парақ қағазын үтір-нүктесіне дейін тексеруі қажет. Себебі, сертификат берудің жауапкершілігі аса жоғары. Арасында кеңес беру үшін хабарласатын 30-дан астам адамның телефон қоңырауына жауап беру де Айманның мойнында.

Бұлардан бөлек, Палата мамандарының барлығы да үй, кабинет бетін көрмей, штаб, жұмысшы топ отырыстарында кәсіпкерлердің мүддесін қорғап, қажетті ақпаратты жинап, есептеп, тиісті органдарға жіберуде.

Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып жүрген жандар үйде немесе кабинетте отырғысы-ақ келеді, бірақ дәл қазір азық-түлік тауары халыққа үзілмей жетіп тұруы үшін бар мүмкіндікті пайдаланып жұмыс істеуде.

Бүгінгі қалыптасқан жағдайға байланысты енгізілген карантин шараларына облыс тұрғындары үлкен жауапкершілікпен қарап, тәртіпке бағынуларын біз де өтініп сұраймыз. Халықтың салауатты өмірі үшін күресіп жүрген бүгінгі күннің қаһармандарына осылай қолдау білдірейік, ағайын!

Нұрбек Дәуренбеков

Коронавирусты емдейтін дәрі-дәрмектер белгілі болды

Вирусты жұқтырмаудың тек бір ғана жолы бар, ол – үйде отыру.  

09 Сәуір 2020 19:17 1020

Коронавирусты емдейтін дәрі-дәрмектер белгілі болды

Ел ішін жайлаған індетке қарсы күреске ең алғашқылардың бірі болып кіріскен, балалар инфекциясы жөнінен еліміздегі бас маман, медицина ғылымдарының докторы, профессор Динагүл Баяшева коронавирус инфекциясынан (КВИ) жазылып шыққан адамдарға қандай ем-дом жасалғаны, қандай дәрі-дәрмекпен емделгені жайлы айтты.

«Басқа елдердегі жағдайды саралай отырып, коронавирусты емдейтін дәрі-дәрмектердің ең тиімділерін таңдап алдық. Италия, Франция елдерінің медицина мамандарының пікіріне де құлақ асамыз. Біздің денсаулық сақтау министрлігінде комиссия кеңесі қызмет етеді. Комиссия сараптама жасап, қандай дәрі-дәрмектің көмегі бар екені анықтайды. Біз пайдаланатын дәрі-дәрмектердің ішінде антиретровирусты дәрі-дәрмектер, нуклеозидтің аналогтары және хинолин препараттары бар», – деді ол.

Сонымен қатар, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баяшева КВИ жұқтырған науқастарды емдеуде шешім қалай қабылданатынына тоқталды.

«Негізінен ем-дом мен дәрі-дәрмек науқастың жеңіл, орта және ауыр болып бөлінетін сырқаттану деңгейіне байланысты тағайындалады. Содан кейін пациенттің «субклиникалық» деген түрі болады. Ол – дені сау, бірақ вирус тасымалдаушы адам. Сау тасымалдаушыларға, ауру симптомсыз өтетіндерге ешқандай ем-дом шараларын қолданбаймыз. Алайда олар медициналық бақылауға алынады. Кейде ауру жеңіл түрде басталғандай көрінеді де, үшінші күні асқынып кетеді. Сондықтан емдеу шараларын кешенді түрде жүргіземіз. Қан анализі де қаралады. Онда белгілі бір көрсеткіштер болса, сырқат ауыр дәрежеге өтеді. Сол себепті әр жағдайды жеке талдап, дұрыс шешім қабылдау маңызды», – деді профессор. 

Динагүл Баяшева елімізде коронавирус індетінен қайтыс болған адамдарға тоқталып өтті.

«Қазіргі кезде осы аурудан көп адам қайтыс болып жатыр. Емделуге науқастың қай кезде келгені де маңызды. Мысалы, қайтыс болғандардың арасында қарттар үйінен жеткізілген 72 жастағы бір азамат өз алдына өте нашар халде түскен болатын. Бүгін-ертең қайтыс болып кете ме деп отырған адам еді. Сонымен қатар, қант диабеті, қан қысымы, артық салмағы бар төрт адам да өте кеш келді. Сырқаттанғанына он күн өткеннен кейін ғана дәрігер көмегіне жүгінген. Оған дейін құдалыққа, той-домалаққа барған. Осылай ел аралап, қыдырудың салдарынан індет өңірлерге, ауыл-аймаққа тарап кетті. Ең бастысы, індеттің ары қарай тарауына жол бермеу керек», – деп ерекше айтты бас инфекционист.

Инфекцияны терең зерттеген маман індет тарағалы зімбірдің бағасы шарықтап, дүкен сөрелерінде сарымсақтың тұрақтамауына қатысты пікірін білдірді.

«Сарымсақ та, зімбір де коронавирустен қорғамайды. Бұл – жаңсақ пікір. Вирус ағзаға түскеннен кейін емделуге қажетті уақытты өткізіп алған адам, жан тапсырады. Вирусты жұқтырмаудың тек бір ғана жолы бар, ол – үйде отыру. Бұл күндері Алматы мен Нұр-Сұлтанда жаңадан аурғандардың сиреуі ертең ешкім ауырмайды деген сөз емес. Вирустің инкубациялық кезеңі бар. Осы инкубациялық кезеңде вирус жұқтырғандардың барлығы анықталған соң, мәселе шешіледі. Тек бір-бірімізге жұқтырмасақ болғаны. Қызылорда ма, Шымкент пе немесе басқа өңір ме, тығылып туған күн жасап, думандатқанды тоқтату керек. Қайтыс болған адамдардың төртеуі құдалыққа барып келген. Карантин кезінде той тойлатқандарға қатаң шара қолданып, милиондаған теңге айыппұл салу қажет», – дей отырып, елімізде жасырын той өткізіп, сырға салып жатқан адамдар да бар екеніне қынжылды.

Ғалымның айтуынша, ел болып он күндей үйде отырсақ, вирус жұқтырғандар белгілі болып, проблеманы мамандар өз қолына алады.

«Егер үйде отырмасақ, бізде де өлім-жітім көбейіп кетеді. Мысалы, мықты деген АҚШ, Италия, Испания сияқты елдер «бізге жұқпайды» деген бос сөзбен уақытын өткізіп алды. Ал біз індет әлі қауламай тұрып студенттерді үйлеріне қайтарып, оқушыларды каникулға жібердік. Қазір 2-3 күнге болса да жұқпалы дерттің алдын орап келе жатырмыз. Соның арқасында елімізде ауру қатты өршіген жоқ. Егер сол 2-3 күнімізді жоғалтып алғанымызда, бізде де адам шығыны айтарлықтай көп болар еді. Конронавирустен қайтыс болғандардың өкпелері қанталап кеткен. Емдейтін ештеңе қалмаған. Тек өкпені ауыстыру керек болды. Ал ауыстыратын өкпе жоқ. Инфекцияны жұқтырғаннан кейін науқас 7-8 күн ішінде емделуге келмесе, вирус өкпеге кіріп кетеді де, альвеоласын бүлдіріп, қанталатып жібереді. Науқастың қан қысымы, гипертониясы болса, жағдай тіптен мүшкіл болуы мүмкін. Карантиндік шаралар бүкіл Қазақстан індеттен тазарған кезде тоқтатылады. Әйтпесе, өңірдегі науқас Нұр-Сұлтан мен Алматыға келіп басқа адамдарға инфекция жұқтырады да, осы қалаларда коронавируспен күрескен еңбек зая кетеді. Қазір ел болып он күндей үйде отырсақ, вирус жұқтырғандар белгілі болып, проблеманы қолымызға аламыз. Бұны «басқарылатын үдеріс» деп атайды. Бүгінгі күні науқастар қандай дәрімен емделсе де, жазылып шығып жатыр», – деп сөзін түйіндеді инфекция саласының маманы.

Айта кетсек, науқастар қандай дәрімен және қалай емделетіні құпия емес. COVID-2019 коронавирусты инфекцияның диагностикасы және оны емдеудің клиникалық хаттамасымен Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан танысуға болады. Жақында ғана жаңартылған осы құжатта коронавирус жұқтырған науқастарға берілетін дәрі-дәрмектің барлығы көрсетілген.

Осы құжат материалдарында пневмониясыз жеңіл және орташа жағдайларда пациенттерге 14 күн бойы күніне екі рет лопинавир/ритонавир берілетіні жазылған. Балама емдеу ретінде науқас бес күн бойы хлорохин фосфатын немесе гидроксихлорохин қабылдайды. Пневмониясы бар немесе ауыр жағдайдағы науқастар үшін емделудің үш схемасы қарастырылған. Бірінші – бес күн ішінде пациенттерге хлорохин немесе гидроксихлорохин тағайындалады. Екінші схема бойынша пациенттерге екі апта лопинавир/ритонавир және 10 күн бойы рибавирин беріледі. Үшінші схемада хлорохин фосфаты немесе гидроксихлорохин және азитромицин бес күнге тағайындалады. Ремдесивир – балама ретінде көрсетілген.

Вирус жұқтырған адамдармен қарым-қатынасқа түсетін барлық дәрігерлер алдын алу шарасы ретінде күніне екі рет гидроксихлорохин қабылдайды. Олар 21 күнге созылатын осындай үш курстан өтеді.

COVID-19 расталған балаларды емдеу үшін екі апта бойы күніне екі рет лопинавир/ритонавир тағайындалады. Сондай-ақ, балама ретінде гидроксилохин және азитромицин көрсетілген. Балаларға ем қолдану үшін дәрігерлер кеңесінің шешімі және ата-аналарының ақпарат алып, келісуі міндетті.

COVID-19 жұқтырған жүкті және бала емізетін  әйелдерді емдеу жолдары қазіргі кезде әзірленген жоқ. Лопинавир мен ритонавир ананың денсаулығына келетін пайда іштегі нәрестеге төнетін қауіптен жоғары болған кезде тағайындалуы мүмкін.

Айта кетсек, клиникалық хаттамада негізгі дәрі-дәрмектер тізімі жоқ. Қосымша препараттар ретінде жиырмашақты дәрі-дәрмек тізімге енген. Кейбір дәрі-дәрмектердің елеулі жанама әсері бар, сондықтан дәрілер ауруханада дәрігердің қатаң бақылауымен ғана тағайындалады.

Нұржан Көшкін

inbusiness.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Жаңалықтарға жазылу: