Қасым-Жомарт Тоқаев: Қаңтар оқиғасында Президентті биліктен кетіргісі келді

1863

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдауын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қаңтар оқиғасында Президентті биліктен кетіргісі келді

Сөзінің басында қаңтар оқиғасына тоқталып, "Төңкеріс жасаушылар Президентті биліктен кетіруді ойлады" деген пікірін айтты.

"Мен қашанда бәрін ашық айтып жүрмін. Індет кезінде қалыптасқан ахуал жөнінде жұртшылыққа үнемі ақпарат беріп отырдым. Кешегі қатерлі күндерде Мемлекет басшысы ретінде халыққа арнап бірнеше үндеу жасадым. Күні кеше ғана Парламент қабырғасында арнайы тыңдау өтті. Онда құқық қорғау органдары тергеу қорытындылары туралы толық есеп берді. Турасын айтқанда, мұндай кең ауқымды талқылау ешқашан болмаған. Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болды. Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат берді", – деді Тоқаев.

Оның айтуынша, "төңкеріс жасауға ұмтылғандардың" арам пиғылы іске аспады. 

"Соның салдарынан ҰҚШҰ ұйымынан көмек сұрауға мәжбүр болдық. Бұл – халықаралық нормаларға сай іске асырылды. Олар елге бірде-бір оқ атқан жоқ. Страгетиялық маңызды нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Еккі аптадан кейін олар елден шығарылды", деді Тоқаев.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу