Қасым-Жомарт Тоқаев: Көрпеге қарай көсілу керек

4994

Президент білім және ғылым саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын қайта зерделеуді тапсырды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев: Көрпеге қарай көсілу керек

2025 жылға дейін білім саласына бөлінетін қаржының көлемі 6 есе, ғылымға бөлінетін қаражат 7 есе көбейеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚСК-ның үшінші отырысында айтты.

"Жаңа ахуал білім беру және ғылым жүйесін түбегейлі реформалауды талап етіп отыр. Енді бұл саланың маңызы арта түсетіні анық. Тіпті экономиканың өзі соған тәуелді болмақ. Біз білім мен ғылымның маңызын айқын түсінуіміз керек. Бүкіл мемлекеттік саясатты соған сәйкес жүзеге асырамыз. Білім беруді және ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын реформаларды қайта зерделеу қажет. 2025 жылға дейін білім саласына бөлінетін қаражат 6 есе, ғылымға бөлінетін 7 есе өсетінінн ескерген жөн", – деген мемлекет басшысы білім сапасы бойынша дамыған елдерден артта қалуымыздың негізгі себебін атады. 

"Қазақстан оқушылардың білім сапасы бойынша дамыған елдерден айтарлықтай артта қалып келеді. Бұл артта қалудың себебі ретінде түрлі түсіндірмелерді келтіруге болады. Бірақ негізгі себеп білім беруге бөлініп отырған қаражаттың жеткіліксіздігінде және реформалардың  жүйелі әрі ойластырып жасалмайтынында. Білімге бөлінетін қаржының жеткіліксіздігі туралы айтсақ, оның да өз себебі бар. "Көрпеге қарай көсілу керек" деген сөз бар. Біз бір оқушыға орта есеппен жылына 1 мың доллардан кем бөлеміз. Ал ПИЗА көшбасшыларының алғашқы ондығындағы елдер бір оқушыға жылына 10 мыңнан 14 мың долларға дейін бөледі. Бұл мәселеге бекер назар аударған жоқпын. Білім сапасының базалық шарты – мектеп инфрақұырылымы", – деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу