Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі қайғылы оқиғаға байланысты Владимир Путинге көңіл айтты

9368

Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік әрекетті қатаң айыптайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі қайғылы оқиғаға байланысты Владимир Путинге көңіл айтты Фото: rtraveler.ru

Мемлекет басшысы терроризмді мүлде ақтауға болмайды деп санайды.

Президент БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, қажет болған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау органдары ресейлік әріптестеріне көмек көрсетеді.

Мемлекет басшысы лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу