Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды, деп жазады inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, Мемлекет басшысы белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне де қатысты.
"Парадта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және Ресей Президенті Владимир Путинмен қатар Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян болды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ржевтегі совет солдатына арналған мемориалға гүл шоғын қою рәсіміне қатысқанын жазған болатынбыз.