Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Twitter-де жазды.
"Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Nur Otan партиясының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс енгізді.
Партияның кезектен тыс XXI Съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан Nur Otan партиясының Төрағасы болып сайланды", – деп жазылған Twitter-де.
Айта кетейік, кеше Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның кезектен тыс XXI съезінде 3 мәселе қаралатынын Twitter-де жазған еді:
1. Партия Төрағасын сайлау туралы;
2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы.
Дәурен Ерболат