Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барды

2118

20 қыркүйекте Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барды

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке жұмыс сапарымен келді, деп жазады inbusiness.kz ҚР Президентінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратта көрсетілгендей, Президент 19 қыркүйекте JPMorgan Chase & Co, Citi, Goldman Sachs, NASDAQ секілді жаһандық қаржы институттарының басшыларымен кездесу өткізеді.

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев Boeing, ExxonMobil, General Electrics, Wabtec, Microsoft сияқты трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сондай-ақ сарапшылар тобының өкілдерімен де кездеседі.

"БҰҰ Бас хатшысымен, Еуропалық Одақ басшылығымен және бірқатар мемлекет басшыларымен олардың өтініші бойынша кездесулер өткізу жоспарланып отыр", – деп жазылған хабарламада.

Мемлекет басшысы Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша жаһандық саммитке қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу