Қасым-Жомарт Тоқаев пен Биньямин Нетаньяху телефон арқылы сөйлесті

329

Израиль тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Биньямин Нетаньяху телефон арқылы сөйлесті Фото: Ақорда

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Израиль арасындағы көпжылдық және сан қырлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ықпалдастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін растады. 

Бұдан бөлек, Биньямин Нетаньяху Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуы туралы шешімі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа айрықша ризашылығын білдірді. 

Израиль Премьер-министрі бұл қадамды бейбітшілік, тұрақтылық пен халықаралық диалогты нығайту ісіндегі батыл әрі көреген шешім ретінде бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Биньямин Нетаньяху байланыстарды жандандыруға, соның ішінде жоғары деңгейдегі сапарлар ұйымдастыруға уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу