Президент еліміздің жаңа Премьер-Министрінің кандидатурасына Әлихан Смайыловты ұсынды.
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынамын. Ол тәжірибелі маман, еңбекқор мемлекеттік қызметші. Статистика жөніндегі агенттіктің төрағасы, Президенттің көмекшісі, Қаржы министрі, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болды. Қазақстан экономикасының болашағы туралы көзқарасы дұрыс. Нақты жоспары бар. Әлихан Асханұлы Үкіметтің жұмысын өте жақсы біледі. Өзін жүктелген міндеттерді абыроймен атқарады деп сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында.
Айта кетсек, Президент отырысқа бейнебайланыс арқылы қатысып жатыр.