Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президентіне көңіл айтты

353

Кеше Сербияның халық ең көп шоғырланған Нови-Сад қаласындағы теміржол бекетінде бетон шатыр құлап, 14 адам қаза тапқан болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президентіне көңіл айтты Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Сербия Президенті Александр Вучичке көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Осындай ауыр сәтте достас Сербия халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтамын. Оқыс оқиғада бақилық болғандардың туыстарына сабыр, ал зардап шеккен жандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу