Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің бастамасын қолдады

155

Президент Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің "Тағдыры ортақ көршілес елдер қоғамдастығын" құру бастамасына жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің бастамасын қолдады Фото: akorda.kz

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев екінші "Орталық Азия – Қытай" саммитінде айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның пікірінше, бұл теңқұқылы серіктестік, ортақ игілік пен өзара құрмет қағидаларына толық сай келеді.

Мемлекет басшысы аталған ұстанымдар бүгінгі саммит қорытындысы бойынша қол қойылатын "Мәңгі тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шартта" көрініс табатынына сенім білдірді.

Президенттің айтуынша, Қазақстан Орталық Азияның бейбітшілік, орнықты қауіпсіздік пен өнімді ықпалдастық мекені болғанын қалайды.

Еліміз діни экстремизммен, терроризммен, сепаратизммен, есірткі тасымалдаумен, заңсыз қару-жарақ саудасымен, рұқсатсыз көші-қонмен және адам саудасымен ымырасыз күресті жалғастыруға әзір. Халықаралық киберқылмыстың өршуі айрықша назар аударуды талап етеді.

Осыған орай Президент салалық ведомство басшылары арасында тұрақты байланыс орнатуды ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу