Президент ТМД басшыларымен бірге Эрмитаж музейін аралады

228

Мәртебелі меймандарға музейде экскурсия жүргізілді.

Президент ТМД басшыларымен бірге Эрмитаж музейін аралады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ның бейресми саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербургке келген өзге де мемлекеттер басшыларымен бірге Эрмитажды аралап көрді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президенттер Александр және XVIII ғасырдағы Франция өнері залдарында орналасқан танымал көрмелерді тамашалады. 

Әсіресе, "Алтын көмбе" бірегей коллекциясындағы бағалы металдардан құйылған археологиялық жәдігерлер, тарихи Пикет және Герб залдарының интерьері ерекше қызығушылық тудырды. 

Меймандар бай қоры арқылы дүние жүзіне мәшһүр музейдің басқа да экспозицияларымен танысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу