29 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Анкарада екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселесін талқылайды.
Сондай-ақ, президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу