Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

1316

Президент Ұлттық домбыра күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады Фото: inbusiness.kz

"Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Көне дәуірден жеткен бұл аспап халқымыздың болмыс-бітімін, салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайды. Рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген қара домбыра асыл мұрамызға, ұлттың символына айналды. Біз оны жан-жақты дәріптей береміз", – деп жазды Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу