Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Модиге көңіл айтты

1432

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Нарендра Модиге және Үндістан халқына теміржол апаты салдарынан болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Модиге көңіл айтты Фото: sputnik.kz

"Одиша штаты, Баласор елді мекенінде болған теміржол апаты салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдадым. Жақындарынан айырылған отбасылардың ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай азалы сәтте Үндістан халқымен біргеміз", – деп жазылған жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу