Қасым-Жомарт Тоқаев: "Жаңа Қазақстанды құруды бастадық"

2908

"Орталық Азия – ҚХР" саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев: "Жаңа Қазақстанды құруды бастадық"

"Қазақстан қаңтардың алғашқы күндері өрескелдігі мен қатігездігі, басқыншылығы басым террористермен және содырлармен бетпе-бет келді. Осы ретте қазақстандықтар Қытай тарапы мен Орталық Азиядағы бауырлас елдер тарапының қолдауын алғыспен қабылдады. Мемлекет, ұлт ретінде біз осы қайғылы оқиғалардан қажетті сабақты алдық, сөзсіз тез арада қалыпқа келеміз", – деді Қазақстан президенті. 

Ол қазіргі уақытта мемлекет қуатты түрде қайта форматтау және мемлекеттік басқаруды, ұлттық қауіпсіздік жүйесін және экономикалық саясатты реформалау жұмысын жүргізіп жатқанын мәлім етті. 

"Осылайша, біз Жаңа Қазақстандық құруды бастадық", – деді президент.

Бұған дейін қаңтар оқиғасы туралы Қытай төрағасы пікір білдіріп, "адам құқықтарын сылтаурататын" сыртқы күштерге қарсы екенін айтқан.

Жасын Қалибек​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу