Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Алматы әкіміне бірқатар тапсырма жүктеді

528

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Алматы әкіміне бірқатар тапсырма жүктеді Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президентке қала әкімі алдағы жұмыстың басым бағыттары, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму, қала экологиясын оңалту және шаһар тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі жоспары туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполисті дамытудың негізгі міндеттерін айқындады.

Атап айтқанда, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, қаланың инфрақұрылымын кешенді түрде жаңғырту, сондай-ақ жол-көлік желісінің жағдайын жақсарту, экологиялық мәселелерді шешу сияқты бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу