Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді

2065

Президент Алматыда өткен жедел штаб отырысына қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапармен Алматы қаласына келді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Бұл ақпаратты оның баспасөз хатшысы Берік Уәли растады. 

"Біз Президенттің Алматыға келгенін растаймыз. Алматыда өткен жедел штаб отырысына қатысты. Сондай-ақ қаза болған полиция қызметкерлері, әскери қызметшілердің туыстары және жақындарымен кездесіп, көңіл айтып, марапаттар табыстады", – деді Берік Уәли Tengrinews.kz тілшісіне.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу