Каталония Вуэльтасы. 2-кезең. Луис Леон Санчес жалпы есепте үшінші орынға көтерілді

1159

Astana – Premier Tech шабандоздары жекелей жарыста белсенді өнер көрсетіп, команда капитаны Луис Леон Санчес жалпы есепте 3-сатыға жайғасты. 

Каталония Вуэльтасы. 2-кезең. Луис Леон Санчес жалпы есепте үшінші орынға көтерілді

Баньолес қаласында ұзақтығы 18.5 шақырым болатын "Каталония Вуэльтасының" 2-кезеңі жекелей жарыспен өтті. "БАӘ" турында 8-орын иеленгеннен кейін Стефан Де Бод жекелей жарыста тағы да өзін жақсы қырынан танытып, 9-нәтиже көрсетті.

"Өзімді жақсы сезіндім және жарысты ойдағыдай өткіздім деп ойлаймын. Кезең барысында жүре алатын қарқынымды сақтап отыру оңай болған жоқ. Ылғи жылдамдығыңды арттырып, жарыс соңына дейін ырғақты сақтап отырғың келеді. Мен осы жолдармен жаттығамын және бұл аймақпен өте жақсы таныспын. Мұның барлығының мен үшін сөзсіз артықшылығы болды. Жарысты таныс аймақта өткізгеніме қуаныштымын. "Біріккен Араб Әмірліктерінің Турында" командамен бірге алғаш рет "жекелей жарысқа" қатыстым және алғашқы ондық қатарында болдым. Бүгін осы нәтижені қайталай алғаныма қуаныштымын. Барлығы жақсы өтті. Бірақ, әрине, тағы бірнеше мәселелер бойынша жұмыс істеу керек. Өзімнің жақсы қасиеттерімді одан әрі дамытамын деп үміттенемін және күндердің бір күні мен де жекелей жарысты тамаша жүріп өтемін", - деді Стефан Де Бод.

Алғашқы кезеңде екінші орын иеленгеннен кейін, екінші сайыс күні Луис Леон Санчес жалпы есепте көшбасшылыққа таласу үшін жарыс жолына шықты. Луис Леон жекелей жарысты тамаша өткізіп, мәреге 13-болып келді. Ол кезең жеңімпазы, әлемнің экс-чемпионы Роан Деннистен 53 секундқа қалып қойды. Алайда, бұл нәтиже оған көшбасшылықты өз қолына алу үшін жеткіліксіз болды және кезең қортындысы бойынша Санчес жалпы есептің көшбасшысы Джоао Альмейдадан үш секундқа артта қалып, 3-сатыға жайғасты.

"Мен алғашқы кезеңде жеңіске жетуге біртабан жақын болдым. Сондықтан бүгін жалпы есептің көшбасшысының жейдесін алуға тырыстым. Оңай болмайтынын білдім. Өйткені пелотонда бұл сайыстың нағыз мамандары көп болды. Бірақ, барымды салып, қаншалықты жоғары орындардан көріне алатынымды сынап көруге ​​бел будым. Өзімді өте жақсы сезіндім және жекелей сынды жақсы өткіздім деп ойлаймын. Жарыстың әрбір метрінде 100% барымды салдым. Бірақ жейдені алу үшін бұл жеткіліксіз болды. Алайда бүгінгі нәтижеме көңілім толады. Келесі күндері жарыстың қалай өрбитінін көре жатармыз. Жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін тағы да мүмкіндігім болады деп үміттенемін", - деді Луис Леон Санчес.

Бүгін пелотон "Каталония Вуэльтасының" екі үлкен таулы кезеңнің алғашқысын жүріп өтеді. Үшінші кезең Каталонияның Олимпиадалық каналынан басталып, әйгілі Валлтер 2000 шыңының аяқталады.

Каталония Вуэльтасы, 2-кезең. Баньолес – Баньолес, 18.5 шақырым

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Роан Деннис (INEOS Grenadiers); 2. Реми Каванья (Deceuninck – Quick Step); 3. Жоао Алмейда (Deceuninck – Quick Step).

Astana – Premier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 9. Стефан Де Бод; 13. Луис Леон Санчес; 32. Харольд Техада.

Ермұхамед Мәулен 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу