Қатар Иран келісімге келді. Бұл туралы Иран президенті Масуд Пезешкиан мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қатарда сақталған Иранның 12 миллиард долларлық активінің 6 миллиард доллары бұғаттан шығарылады және елге қайтарылады. Қалған қаражатты қайтару жұмыстары да жалғасады", – деді Иран президенті.
Масуд Пезешкиан Иран мен АҚШ арасында жуырда жасалған келісімді ел халқы үшін маңызды жетістік деп бағалады. Оның сөзінше, келісім аясында мұнай және мұнай-химия салаларына салынған санкциялар да алынған. Иран мен АҚШ 18 маусымға қараған түні 28 ақпанда басталған әскери қақтығысты аяқтауды көздейтін меморандумға қашықтан қол қойған болатын.
Ал 21 маусымда Швейцарияның Бюргеншток қаласында Қатар мен Пәкістанның араағайындығымен АҚШ пен Иран арасында меморандумды іске асыру мәселесіне арналған келіссөздер өтті.