Кавендиш үшінші орын алды

965

Astana Qazaqstan Team велошабандозы Марк Кавендиш 111-классикалық жарыс "Шелдепрайста" үшінші болды.

Кавендиш үшінші орын алды

Сайыс Бельгияның Фландрия аймағында өтті. Британия чемпионы мәреге тіке жол тартып бара жатқан еді, соңғы 50 метр қалған тұста жарыс жеңімпазы Яспер Филипсен мен екінші орын алған Сэм Велсфордқа жол беріп қойды.

"Мен Эдвард Тенстің артынан жүре бердім. Сосын финишке 450 метр қалғанда Дилан Груневегенмен позицияға таласа бастадым. Бастапқыда спринтті 250 метр қалғанда бастағым келген. Ал 450 метр сәл ертерек еді. Одан кейін спринт жасаған Яспердің жылдамдығы өте жоғары болды", - деді қазақстандық команда сапында екінші рет жүлдегер атанып отырған Марк Кавендиш.

"Бұл маусым біздің команда үшін "классикада" өте ауыр өтіп жатқандықтан мына нәтиже керемет дер едім. Бірнеше апта бойы науқастанып қалған Марк үшін бұл жеңіс қосымша мотивация сыйлайтыны анық. Мен ол үшін қуаныштымын. Бүгін командалық жұмыс өте тамаша жүрді. Ұжымдағы әр шабандоз өзіне тапсырылған мақсатты мүлтіксіз орындап шықты", – деп қоса кетті спорт директор Стефано Занини.

"Командадағы жігіттердің барлығы позицияны алдыңғы шепте ұстау қажет екенін анық ұғынды. Себебі, финалға жақындағанда спринтте барлығы қиындап кететінін аңғарды. Әріптестерім жағдайды үнемі бақылауда ұстады. Соның арқасында мен алдыңғы бөліктегі орнымды жоғалтпадым да, жарысты жақсы аяқтадым", – деп қоса кетті Марк Кавендиш.

"Өзімнің "Шелдепрайс" жарысына қайта келуім көңілден шықты. Мұндағы спринт үнемі қақтығыстарға толы болады. Сондай жағдайға тап болмас үшін әркез дайын болып жүруің керек. Бұл сайыстағы естеліктерім өте жақсы. Мен осы жарысты алғаш рет жеңген кезде қазіргі командаласым Глеб Сырица небәрі 6 жаста (16 жыл бұрын) болған", – деді осы жарыстың үш жүркін жеңімпазы Марк Кавендиш.

"Шелдепрайс" жарысынан кейін Кавендиш Италияға аттанады. Онда ол "Джиро ди Сичилия" (11 – 14 сәуір) сайысында бақы сынамақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу