Қазақ-аустралиялық бірлескен компания қазақстанда жаңа мыс кен көзін іздеумен айналысады

12186

Қазақстанда түсті металдардың жаңа кен орындарын іздестіру жалғасуда. 

Қазақ-аустралиялық бірлескен компания қазақстанда жаңа мыс кен көзін іздеумен айналысады

Aurora Minerals Group бақылау кеңесінің төрағасы Саид Сұлтанов Abctv.kz-ке биыл Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарының аумағында аэрогеофизикалық зерттеулер басталады деп мәлімдеді.

"Aurora Minerals Group" консорциумы ірі шетелдік инвесторлардың тапсырысы бойынша, Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарының аумағында жалпы ұзындығы 36 000 шақырым болатын полиметалды іздейтін аэрофизикалық зерттеулер жүргізеді", - деді Саид Сұлтанов сәрсенбі күні Астанада басталған VII халықаралық тау-кен-металлургиялық Astana Mining & Metallurgy-2016  конгресінде.

Оның айтуынша, зерттеу Air Control - Cessna Grand Caravan 208 флотының ұшағымен жүргізілетін болады. Ұшақта аэрогеофизика саласында CGG компаниясының барлық технологиялық қосымшасын қолданумен кешенді аэрогеофизикалық түсірімдерді жасауға мүмкіндік беретін заманауи жабдық орнатылған.

"Осы екі жобаны іске асыру барысында қазақ мамандары аэрофизикалық жұмысты жоспарлауға және озық жабдықта жұмыс істеуге үйретіледі", - деді Саид Сұлтанов.

Оның берген ақпаратына сүйенсек, соңғы жылдары жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстанда заманауи аэрофизикалық технологияларды белсенді қолдануда.

Қазіргі таңда республикада аэромагниттік және аэрогаммспетрометрлік түсіру, электромагниттік зерттеу және мәліметтерді түсіндіру қызметін ұсынатын барлық әлемдік жетекші аэрогеофизикалық компаниялар жұмыс істейді.

"Жер қойнауы және жер қойнауын  пайдалану туралы Кодекстің қабылдануымен, геологиялық барлауға инвесторлар мен инвестицияларды тарту артады және жаңа кен орындарын іздеуге тапсырыстар да болады деп ойлаймыз", - дейді Саид Сұлтанов.

Aurora Minerals Group —  Қазақстанның тау-кен өндіру және мұнай-газ саласына инвестиция тарту мен жаңа технологиялар трансфертінде маманданушы қазақ- аустралиялық компания. Команда геология мен жер қойнауын пайдалану саласында үлкен тәжірбиесі бар қазақ және аустриялық мамандардан құралған.

Air Control - әлемдегі санаулы және Орталық Азиядағы жалғыз қазақ әуекомпаниясы. Ерекше авиациялық жұмыстарды - аэронавигация радиотехникалық жүйесінің ұшуын және әуежайлардың  жарық сигналдар жүйесін тексеруге, жаңа лазерлік сканерді және аэрофототүсіру жабдығын қолданумен аэротүсіру жасауға,  магниттік, электромагниттік, радиометрикалық, градиенттік, гравиметрикалық аэротүсіруді орындауға маманданған әуекомпания.

CGG - толықтай біріктірілген геологиялық-геофизикалық француз компаниясы. Геологиялық, геофизикалық озық технологияларды, сонымен қатар, өз клиенттеріне барлық әлем бойынша кен орындарының әлеуетін ұсынушы компания. CGG компаниясы өзара байланысты үш бизнес бөлімшесі арқылы, нақтырақ айтсақ, жабдық бөлімшесі, мәліметтерді жинау бөлімшесі және геология, геофизика, резервуарлар бөлімшесімен барлаудың барлық аспектілерінде және табиғи ресурстарды пайдалануда тиімділікті арттырады.

Күлпаш Қоңырова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу