Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатында қысқа қашықтыққа жүзуден жарысқан Әділбек Мусин ел рекордын жаңартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол баттерфляй әдісімен жүзуден 100 метрді 50.55 секундта бағындырған. Десе де бұл нәтиже оған әлем чемпионатында небәрі 26-орынға жайғасуға мүмкіндік берді.
Осы сайыста өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық спортшы Максим Сказобцовтың нәтижесі де төмен болды. Ол ерлер арасында 34-орынға лайық болды. Оның көрсеткіші – 51.50 секунд.
Сонымен қатар, әйелдер арасында Софья Сподаренко 100 метрді 59,22 секундта жүзіп өтіп, 26-орынға тұрақтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу