Қазақ балуандары америкалық Олимпиада чемпионына шапан кигізді

222

Бұл туралы ұлттық құрама балуандары жазба жариялады.

Қазақ балуандары америкалық Олимпиада чемпионына шапан кигізді Фото: 1bol.kz

Токио Олимпиадасының чемпионы Дэвид Тейлор 2024 жылы спорттық мансабын аяқтады, деп жазады inbusiness.kz сайты 1bol.kz порталына сілтеме жасап. 

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының балуандары АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынында Олимпиада чемпионы Дэвид Тейлорға шапан жауып, құрмет көрсетті.

86 келіде белдесіп, айтулы жетістікке жеткен АҚШ балуаны елімізден барған спортшыларды жылы қарсы алған. Ұлттық құрама балуандарының сапында әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов және Қанат Есенәлиев бастаған бапкерлер болған.

"Бұл – спорттағы сыйластық пен достықтың, мәдениетке деген құрметтің көрінісі. Қазақтың дархан көңілі қай жерде де биік!" – деп жазды Қанат Есенәлиев.

Токио Олимпиадасының чемпионы Дэвид Тейлор 2024 жылы спорттық мансабын аяқтады. Ол Америкада 6 миллионға ұзақ жылдық келісімшартқа отырып, бапкерлік қызмет атқаруға кіріскен.

Спортшы Париж Олимпиадасының қарсаңындағы іріктеу бәсекесінде есе жіберіп, төртжылдықтың басты ойындарынан тыс қалды. Дегенмен, ол 2024 жылы Венгрияда олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша әлем біріншілігінде 92 келіде белдесін, қола жүлдегер атанған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу