Қазақ боксының болашақ шоқжұлдызы

1241

Азия бокс конфедерациясы (ASBC) қазақстандық Төрехан Сабырханның Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында сәтті өнер көрсеткенін ерекше атап өтті. Ол 67 келіге дейінгі салмақта алтын жүлде алды. 

Қазақ боксының болашақ шоқжұлдызы Фото: sports.kz

"Қазақстан тарихындағы тұңғыш жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азияның төрт дүркін чемпионы Төрехан Сабырхан Астанада өткен бокстан Азия чемпионатында 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпиондық атағын қорғап, турнирдің үздік боксшысы деп танылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төрехан Сабырхан Астанада тарихи қадамдар жасаған, 2006 жылы туылған жас боксшылар тобындағы болашағынан зор үміт күттіретін былғары қолғап шеберлерінің бірі. 18 жастағы талант 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алған әлем чемпионы Махмұд Сабырханның інісі.

Төрехан Сабырхан 2021 жылғы Азия чемпионатында алғашқы алтын медаль  жеңіп алды. Содан кейін ол 2022 және 2023 жылдары құрлықтық турнирлерде сәтті өнер көрсетті.

"Төрехан Сабырхан Қазақстан астанасында өткен Азия чемпионатында өз командасының басты жұлдызы болды. Оның алдында бір ғана міндет тұрды – тағы бір алтын алу және финалда өзбекстандық Мухаммадазизбек Исмоиловты жеңу болды. Ол тапсырманы сәтті орындады. Нәтижесінде тарихта алғаш рет жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азияның төрт дүркін чемпионы атанды", — деп жазды ASBC баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қазақстан Азия чемпионатында 25 алтын медаль иеленіп, командалық есепте көш бастады. Ал Үндістан (12) екінші, Өзбекстан үшінші (11) орынға ие болды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу