Қазақ дзюдошысына ерекше спорттық мәртебе берілді

Ол алдағы төрт жылда есімі алтын түстес жазумен жазылған кимономен күреспек. 

Қазақ дзюдошысына ерекше спорттық мәртебе берілді Фото: gov.kz

Мұндай сүйінші жаңалықты дзюдошы Ақмарал Науатбектің өзі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында су жаңа киномосының фотосын жариялаған.

Айта кетейік, Ақмарал Науатбек – Париж Паралимпиадасының чемпионы. Былтыр 48 келі салмақта қарсылас шақ келтірмеген қазақ қызы көптің көзайымына айналған еді. Париж төріндегі финалдық белдесуде ол француз парадзюдошысынан басым болып, жеңімпаз атанды. Оның парадзюдодан әлем және Азия ойындарының жеңімпазы деген атағы тағы бар.

Париждегі дүбірлі додадан соң А.Науатбекті Үкімет басшысы қабылдап,  бірқатар спортшымен бірге мемлекеттік марапат табыстады.

Сонымен қатар, ол 2024 жылдың соңында мемлекет басшысының Францияға ресми сапары аясында Қазақстан делегациясының құрамына енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу