Қазақ елі қыраны қарсыласын құлатты

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
4147

Али Ахмедов Калифорния штатында он үшінші жеңісіне қол жеткізіп, қарсыласын сұлатып салды.

Қазақ елі қыраны қарсыласын құлатты Фото: fightcluboc

Соққысы қуатты Али бұл жолы 27 жастағы Мексика боксшысы Джовани Хавьер Гомеспен кездескен болатын Бұл жекпе-жек Коста-Меседе (Калифорния штаты, АҚШ) өтті. Сегіз раундқа созылуы тиіс кездесу бірінші раундта-ақ тоқтатылды. Алидің қарсыласы толықтау дембелше жігіт екен. Қазақстан боксшысының бауырынан ұрған пәрменді соққысынан кейін аяғына тұра алмай құлады.

Сөйтіп, Али Ахмедов он үшінші рет жеңіске жетіп (оның 10-ын нокаутпен аяқтап, NABF Junior чемпионы атағын жеңіп алды. Яғни Солтүстік Америка бокс федерациясының жартылай ауыр салмақтағы теңдессіз боксшысы атанды. Бұған дейін ол WBC тұжырымы бойынша жастар арасындағы чемпиондық белбеуді жеңіп алған болатын. Басқаша айтқанда, чемпиондық белбеулерді жинауды өте сәтті бастап отыр.

Ал Алидің бүгінгі қарсыласы Джовани Хавьер Гомес 15-ші рет ұтылды. Десек те, ол 17 рет жеңіске жетіп, соның 11-ін мерзімінен бұрын аяқтаған екен. Ал бүгін таңертең 23 жастағы Алиге қарсы бір раунд та төтеп бере алмады. Ахмедовтің ауыр соққыларынан кейін бас сауғалап, қорғануға да мұршасы келмей қалды.

Осы ретте айта кетейік, Али Ахмедов – қазір Геннадий Головкинің командасында. Әзірше пәрменді соққысымен қарсылас шақ келтірмей, жеңістерін бір-біріне жалғап келеді. Кәсіпқой бокс рингінде әлі жеңілістің кермек дәмін татып көрген жоқ. Мамандар бұл боксшының болашағына зор үміт артып отыр.

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу