Қазақ футболшылары Қырғыстан біріншілігінде легионер емес

3288

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев жақын арада болатын өзгерістер жайлы айтып өтті. 

Қазақ футболшылары Қырғыстан біріншілігінде легионер емес

Атқарушы комитеттің отырысында талқыланға өзгерістер жайлы әлі нақты шешімдер қабылданған жоқ. Дегенімен де, Ресейде қабылданып жатқан заңға байланысты көршілес елдердің де спорт саласындағы заңнамалар өзгеріске ұшырауы ықтимал. Мысалы, Қырғызстанда Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдердің футболшылары енді легионер болып саналмайтын болды. Демек, қазақ футболшылары Қырғызстан біріншілігінде емін-еркін доп тебе алады.

Айыр қалпақты ағайындардың футбол біріншілігі деңгейі жағынан сәл төмендеу болғандықтан, Қазақстан футболшылары ол біріншілікке бара қоюы екіталай. Дегенімен, осы өзгерістерге сәйкес Армения мен Белорусь елдері жақын арада осы заңды қабылдауы әбден мүмкін. Онда осы елдердің де біріншілігінің "есігі ашылып", Қазақстан футболшылары ол мемлекеттерде де легионер болып саналмайтын болады. 

"Еуропалық одаққа мүше елдердің барлығы футболшыларды емін-еркін алмасып, легионер санамайтын болған. Сондықтан да, кәрі құрлық футболы қарқынды дамып жатыр. Біздің тарап та ЕЭО ішінде легионер түсінігін алып тастағымыз келеді. Қазақстан футбол клубтары сапалы ойыншылар таңдап, біздің футболшыларымыз өзге елдерге бара алатын жағдай жасағымыз келеді", деді Олжас Шәкенұлы. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу