Қазақ футболшысының командасы ойын кезінде алаңнан жаппай кетіп қалды

Басты себеп – төрешінің шешіміне келіспеу.

Қазақ футболшысының командасы ойын кезінде алаңнан жаппай кетіп қалды Фото: m.aksam.com.tr

Қос клуб алаңда 30 минут ғана доп тепкен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Түркия Суперлигасының 23-турында спортсүйер қауым күтпеген жайтқа тап болды. "Галатасарай" мен "Адана Демирспор" командасы арасындағы ойын 30-минуттан кейін тоқтап қалған. 

Жағдайдың бұлайша өрбуіне "Адана Демироспор" командасының жаппай алаңды тастап кетуі себеп болған. 0:1 есебімен жеңіліп жатқан қазақ футболшысы Абат Айымбетовтың командасына төреші он бір метрлік айып соққысын белгілеген. Бұл шешімге футболшылар да, бапкерлер тобы да қарсы болып, ойынды жалғастырудан бас тартқан. 

Еске салайық, аталған ойында "Адана Демирспордың" қазақстандық шабуылшысы Абат Айымбетов негізгі құрамда алаңға шықты. Десе де, 30 минутта өзін жақсы жағынан көрсете алмады. 

"Галатасарай" қазіргі уақытта турнир кестесінде 1-орында келе жатыр. Ал "Адана Демирспор" соңғы орынға жайғасқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу