Алдымен "Қайсар", сосын "Астана", енді міне, "Қайрат". Үш командамыздың үшеуі де жарыстан шығып қалды. Биылғы карантиннің кесірі қазақ футболына осылай әсер етті. Бір жыл бойы ойын өткізбей, жеткілікті жаттығу жасамаған соң шығар, клубтарымыздың осал көрініп жатқаны. Израильде өткен мына матчта "Қайрат" бірінші болып гол жіберіп алды. Алаң иелері айып добын керемет ойнатты. Сосын Вагнер Лав таразы басын теңестіріп, алматылық клубқа үміт сыйлады. Алайда, екінші таймда бір шабуыл жасаған "Маккаби" гол салып кетті. Қорғаныстағы футболшылар елсіз ойнады. Кейіннен Вагнер Лав тағы да гол салған еді төреші оны офсайд деп есептемеді. Бірақ, допқа жанаспаған Яцек Гуральский бәрібір де ойыннан тыс қалып тұрды.
"Маккаби" (Хайфа, Израиль) – "Кайрат" (Алматы, Қазақстан) – 2:1
Голдар: Юваль Ашкенази 31, Никита Рукавица 71 – Вагнер Лав 45+1
Ескертулер: Сун Менахем 42, Эрнест Мабука 78, Мохаммед Абу-Фани 81, Джон Коэн 90+2 – Гүлжігіт Алықұлов 2, Яцек Гуральский 37
"Маккаби" Хайфа: Джош Коэн (В) – Эрнест Мабука, Офри Арад, Аяд Абаши, Сун Менахем – Юваль Ашкенази (Долев Хазиза 55), Нета Лави (К), Мохаммед Абу-Фани – Тьяронн Чери, Никита Рукавица (Хосе Родригес 83), Яник Вилдсхут (Богдан Планич 74);
Резерв: Шариф Кеуф (В) – Ярден Шуа, Став Нашмани, Йосеф-Раз Мейр;
"Қайрат": Стас Покатилов (В) – Гафуржан Сүйімбаев (К), Нұралы Әліп, Раде Дугалич, Дино Миканович – Гүлжігіт Алықұлов (Конрад Вржещиньский 81), Яцек Гуральский, Небойша Косович, Айбол Әбікен (Еркебулан Тұңғышбаев 87) – Вагнер Лав, Абат Айымбетов (Адеринсола Эсеола 64);
Резерв: Данил Устименко (В) – Денис Поляков, Камо Оганесян – Артур Шушеначев;
Төрешілер: Мадс-Кристоффер Кристофферсен, Виктор Скитте, Оле Кронлюкке, Микаэль Тюкгор (барлығы Дания)
Ермұхамед Мәулен