Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев даңқты футболшы Тимур Сегізбаевтың қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына көңіл айтты.
"Өз атымнан және Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан Тимур Санжарұлы Сегізбаевтың қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстарына көңіл айтамын. Қазақстан спорты аты аңызға айналған адамнан айырылып отыр. Тимур Санжарұлы өз ісіне адал болудың нағыз үлгісін көрсеткен кәсіби маман еді. Оның Қазақстан спортының дамуына қосқан үлесі өте зор", – делінген ҚР ҰОК мәлімдесінде.
Тимур Сегізбаев 76 жасында өмірден озды. Өзінің спорттық карьерасында алматылық "Қайрат" футбол клубының сапында 200-ден асам ойын өткізген. Кейін жаттықтырушы болып еңбек етті. Қазақстан футбол федерациясында басшылық қызметтерді атқарды.