Қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасов жүлдесіне арналған әлем кубогі басталды

319

"Түйе балуанға" темір тұлпардың кілті табысталады.

Қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасов жүлдесіне арналған әлем кубогі басталды Фото: ult.kz

Түркістан 10 елдің үздіктері Түркістанда бас қосты. Мұнда қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасов жүлдесіне арналған Әлем кубогі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Хабар24-ке сілтеме жасап.

Дүниежүзілік додаға Қазақстан, Грузия, Польша, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Үндістан, Қытай, Әзербайжан және Моңғолия сияқты елдерден 100-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Тартысқа толы жарыстың бірінші күні палуандар 5 салмақ дәрежесінде белдесіп, өзара мықтыны анықтайды. 

Ал, екінші күні 3 салмақ дәрежесіндегі жүлделер сарапқа салынады. Сонымен қатар "Түйе балуан" бәсекесінің жеңімпазын да анықтайды. Жеңіске жеткен балуандарға 500 мың теңгеден беріледі. Екінші орынға 300 мың, ал, үшінші орынға 200 мыңнан қаржылай сыйақы қарастырылған. 

Сондай-ақ "Түйе балуанға" темір тұлпардың кілті табысталады. Айта кетейік, қазіргі таңда 40-тан аса елде қазақ күресінен федерациялар құрылып, секциялар ашылып, кешенді жұмыстар жүргізілуде. Жыл сайын ұлттық спортымыздан Әлем, Азия, Африка және Еуропа чемпионаттары өткізіліп тұрады.

Түркістанда қазақ күресінен әлем кубогы 3 рет болып жатыр. Біздің мақсатымыз Олимпиада, Азия ойындарына қатысу, соның бастамасы деп білемін осыны. Енді қазір Еуропа елінен грузиндер жақсы, әзербайжандар да жақсы, Польшадан келіп жатыр. Жақын елдерден Қырғызстан, Монғолия да жақсы. Жаймен дамып келеміз, - деді жарысты ұйымдастырушы Самат Рыспеков. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу