“Әйелдер боксынан қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атану арманым болды. Дзюдошы қыздармен Парижде жолыққанда да соны бір бірімізге тіледік.
Қазір өзіме аса көңілім толып тұрған жоқ. Өйткені алтын алғым келді және жеңуге болатын қарсылас еді. Алайда қытай қызы жекпе жек барысында алдап кетті. Оған қоса менде “қолаға жеттің, енді алтын алу керек” деген жүктеме тұрғандай болды. Сол кедергі келтіргендей.
Жеңсем де, жеңілсем де қасымнан табылатын отбасыма, достарыма рахмет айтамын!
Жеңісімді маған қолдау көрсеткен көпшілікке арнаймын!”, - дейді қола жүлдегер.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу