Қазақ қыздары теннис турнирін жеңді

839

Қазақстандықтар Айя Нұпбай мен Асылжан Арыстанбекова Үндістан астанасы Делиде өткен екінші санаттағы J200 DELHI жарысының жеңімпазы атанды.

Қазақ қыздары теннис турнирін жеңді

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Нұпбай мен Арыстанбекова 18 жасқа дейінгі арасында еліміздегі ең табысты жұп болып саналады. Олар финалда таилық дуэтті 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Өткен жылы қазақстандық жұп ITF Juniors сериясында жеті турнирде үздік шыққан болатын. Барлығы олар осымен 10 титулға қол жеткізді.

"Жыл басында жеңіске жеткен маңызды. Қазіргі деңгейіме ризамын, бұдан кейін де бабымда боламын деп ойлаймын. Асылжанға рахмет, додада қиын матчтар болды. Біз содан сәтімен шыға білдік", деді А.Нұпбай.

"Бұл - Айя екеуміздің оныншы титулымыз. Жаңа маусым басындағы табыс тың жетістіктерге жетелейді, күш береді. Федерация мен Team Kazakhstan академиясының барлық бапкерлеріне алғыс айтамыз", деді А.Арыстанбекова.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Аделаида 2 (Аустралия) WTA 500 турнирінің финалында жеңіліп қалды. Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге финалда бразилиялық Луиза Стефани – америкалық Тейлор Таунсендпен бас жүлдені сарапқа салды. Қазақстандық-ресейлік жұп 5:7, 6:7 (3:7) есебімен есе жіберді. Финалға дейін жеткені үшін Елена мен Анастасия 305 рейтингілік ұпайға ие болып, 24 300 АҚШ доллары көлемінде табыс тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу