Халықаралық каратэ федерациясының жаңартылған рейтингінде ол көш бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Париж төрінде өткен халықаралық рейтингтік Каратэ1 Премьер-лигасында қола медаль еншілеген Мөлдір Жаңбырбай 50 келі салмақта әлемдік рейтингтегі ұпайын 5490-ға жеткізді.
Осылайша, қазақстандық каратэші қыз бірінші орынға жайғасты. Екінші орынға 2023 жылғы әлем чемпионатының қола, Панамерика және Оңтүстік Америка ойындарының чемпионы, венесуэлалық Иоргелис Салазар лайық деп танылған. Үшінші орын әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері хорватиялық Эма Сгарделлиге тиесілі.
Әлемдік рейтингтегі (-50) келідегі ТОП-5 каратэшілер:
- Мөлдір Жаңбырбай (Қазақстан) – 5490 ұпай;
- Иоргелис Салазар (Венесуела) – 5350;
- Эма Сгарделли (Хорватия) – 3312;
- Наталия Варгова (Словакия) – 2732;
- Реем Ахмед Салама (Египет) – 2475.
Мөлдір Жаңбырбай – қазақтан шыққан (каратэ спорты) тұңғыш әлем чемпионы (2023 жыл).
Ол 2021 жылы Азия чемпионатынан алтын алса, араға екі жыл салып күміс жүлдеге ие болды.
Сондай-ақ, Ханджоудағы Азия ойындарында 2-орын алды. 2020 жылы Токио Олимпиадасына қатысып, шеберлігін шыңдай түсті.