Жібек Құламбаева латвиялық Дарья Семенистаямен бірге финалда жарыстың 3-ракеткалары чехиялық Джесика Малечкова және Мириам Скоч жұбымен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партияда чехиялықтар 6:4 есебімен басым түсті.
Екіншісінде қазақстандық-латвиялық жұп есе қайырды – 6:3.
Супер тай-брейкте Жібек пен Дарья жеңісті жұлып алды – 11:9. Финалдық матч 1 сағат 37 минутқа созылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу