Қазақ қызы шаңғы жарысынан әйелдер арасында 5 шақырымға сырғанаудан (еркін стиль) 12 минут 07.5 секунд нәтиже көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып кесті.
Сондай-ақ, Қытай құрамасының спортшысы Динигер Иламужан күміс еншілесе, тағы бір қытайлық спортшы Чы Чуншуэ қола жүлдегер атаны.
Айта кетерлігі, осы жарысқа қазақстандық спортшылар Дарья Ряжко, Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина және Ангелина Шурыга қатысты.
Қортындысында Надежда Степашкина мәре сызығын 5-ші кессе, Ксения Шалыгина 7-ші, Ангелина Шурыга мен Дарья Ряжко 8-9 орыннан көрінді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу