Қазақ қызына жала жапқан Ресей бапкері жазаға тартылды

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
3340

Шахматшы қыз Бибісара Асаубаеваға жала таққан Евгений Соложенкин 18 айға барлық турнирлерден аластатылды.

Қазақ қызына жала жапқан Ресей бапкері жазаға тартылды

Шахматтан Ресей жаттықтырушысы Евгений Соложенкин FIDE (Халықаралық шахмат федерациясының) Этика жөніндегі комиссиясының шешімімен 18 айға барлық турнирлерден аластатылды. Бұл ақпаратты ең бірінші Бибісараның адвокаты Александр Добровинский таратты. Ол өзінің Фейзбуктегі жеке парақшасына:

"Құрметті достар! Міне, менің қолымда – Халықаралық шахмат федерациясының Этика жөніндегі комиссиясы қабылдаған, 30 парақтан тұратын шешім. Осы шешім бойынша, гроссмейстер Соложенкин Бибісара Асаубаевға жала жауып, өтірік айтқаны үшін барлық, оның ішінде жасөспірімдер мен балалар арасындағы турнирлерден аластатылды. Енді ол ойыншы ретінде де, сүйемелеуші ретінде де, жаттықтырушы ретінде де, ұйымдастырушы ретінде де, менеджер ретінде де, төреші ретінде де, тіпті делегат ретінде де Ресейдегі және әлемнің барлық мемлекеттеріндегі турнирлерге қатыса алмайды. Шешім толықтай орыс тіліне аударылып, Фейзбукте жарияланатын болады. Бұл өтірік пен өсекті жеңген – нағыз жеңіс. Алда әлі 28 наурызда басталатын сот бар. Қолдау көрсеткендеріңізге рахмет!", – деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Ресей жаттықтырушысы Евгений Соложенкин "Бибісара Асаубаева әлем чемпионатында электронды байланыс арқылы көмекке жүгінді" деген пікір таратқан болатын.          

Өздеріңіз білесіздер, Бибісара Асаубаева 2016 жылы Ресейге кетіп, осы елдің намысын қорғау жөнінде шешім қабылдаған. Негізі, Қазақстанда ерекше көзге түсіп, ел біріншіліктерінде жүлдеге іліккен. Оқушылар мен балалар арасындағы әлем чемпионатарында жеңімпаз атанған. Жеті жасында әйелдер арасындағы FIDE шебері атағына қол жеткізген.

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу