Қазақ-өзбек боксшыларының жетеуі финалға дейін жолықпайды

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
3758

Бүгін Бангкокта Азия чемпионатының жеребесі тартылып, күрзі жұдырықты жігіттеріміздің қарсыластары анықталды.

Қазақ-өзбек боксшыларының жетеуі финалға дейін жолықпайды Фото: kfb.kz

Азия чемпионатының алғашқы жекпе-жектері ертең өтеді. Ғалымбек Кенжебаев жаттықтыратын боксшыларымыздың алғашқы қарсыластары белгілі болды. Өзбек боксшыларымызбен негізінен финалда кездесуіміз керек. Бірақ үш салмақтағы жігіттеріміз олармен ширек финалда жұдырық түйістіруі мүмкін.

Атап айтқанда, 69 келідегі Асланбек Шымбергенов өзбек Бобо-Усмон Ботуровпен ширек финада айқасуы әбден мүмкін. Сондай-ақ 75 келі салмақ дәрежесіндегі Тұрсынбай Құлахмет те Исроил Мадримовпен Азия чемпионатының дәл осы сатысында жолығуы керек. 81 келі салмақта ел намысын қоғайтын Бек Нұрмағанбет көрші елдің үміті Дилшодбек Рузматовпен үшінші жекпе-жегін өткізуі тиіс.

Ширек финал болғандықтан, осы үш жұпта жеңілген боксшылар жүлдесіз қалады. Бұл ретте, біздің жігіттер жеңілмейді деп үміттенеміз. Ал қалған салмақтарда қазақ қырандары финалға дейін өзбек боксшыларымен кездеспейді. Әрине, ол үшін финалға дейін сүрінбей жету керек. Қазір Азия боксының деңгейі көтеріліп келеді. Өзгелер тек ұтылу үшін келмейді. Олардың арасында да небір сайыпқырандар бар.

 

1/16-финалы

52 келі: Әнуар Мұзапаров – Енкхмандах Хархуу (Моңғолия) – 19.04. (кешке)

56 келі: Қайрат Ерәлиев – Ю-Чан Ли (Корея) – 19.04. (күндіз)

64 келі: Санатәлі Төлтаев – Либертус Гах (Индонезия) – 19.04 (күндіз)

75 келі: Тұрсынбай Құлахмет – Чон Ил Хон (Солтүстік Корея) – 19.04 (күндіз)

1/8-финалы

49 келі: Теміртас Жүсіпов – Самак Саехан (Таиланд) – 20.04 (күндіз)

60 келі: Закир Сафиуллин – Тан Дат Ву (Вьетнам)/Ахмад Обаид (БАӘ) – 21.04 (кешке)

69 келі: Асланбек Шымбергенов – Хьюн-Чул Лим (Корея)/Сайлом Арди (Таиланд) – 21.04 (күндіз)

81 келі: Бек Нұрмағанбет – Бадер Алмутаири (Кувейт) – 21.04 (күндіз)

91 келі: Василий Левит – Поурия Амири (Иран) – 19.04 (күндіз)

+91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев – Ашиш Дувади (Непал) – 19.04 (кешке)

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу