Қазақ спортының қола дәуірі

2656

Қоржынымызға тек қана қола түсіп жатыр. Бүгін, 5-тамыз тағы да қола алатын сыңайлымыз. 

Қазақ спортының қола дәуірі

Жарыс кестесіне шолу жасасақ, 5 тамыз тағы да қола алатын күнге ұқсайды. Кеше жартылай финалда жеңіп тұрған жерінен финалға берер жолдаманы уыстан шығарып алған Нұрислам Санаев бүгін қола жүлде үшін таласқа түседі. Өзі жіберген қателікті түзейтін болса қола медаль еншілеуі тиіс. Сонымен қатар, күрестің бозкілеміне Татьяна Аманжол мен Данияр Қайсановтар шығады. 

Каратэден халықаралық жарыстарда жүлдені жапырып жеңетін қазақстандық спортшылардың бүгін бір белсенетін күні. Дархан Асаділов пен Мөлдір Жаңбырбай жарысқа түсіп, екеуі де медаль еншілеп қалуы ғажап емес. Ал боксшымыз Сәкен Бибосынов жартылай финалдық кездесуін өткізеді. Бұл жолғы қарсыласын жеңсе, Бибосынов кем дегенде күміс жүлдеге қол созды дегеніміз. Ал негізі Бибосынов осы салмақта "алтын" алуы тиіс. 

Жүзу. Марафон, 10 км. Финал 3:30 - Виталий Худяков

Жеңіл атлетика. Биіктікке секіру. Іріктеу 6:10 - Надежда Дубовицкая, Кристина Овчинникова

Әйелдер күресі, 53 кило. 1/8 финал 8:50 (шамамен) - Татьяна Аманжол - Роксана Засина

Еркін күрес 74 кило. 1/8 финал 9:00 (шамамен) - Данияр Қайсанов - Отогуро Кейсуке

Еркін күрес, 125 кило. 1/8 финал 9:00 (шамамен) - Юсуп Батырмурзаев - Геннадий Чудинович

Каратэ. 67 кило. А тобы. Бірінші жекпе-жек 9:45 (шамамен) - Дархан Асаділов - Эрай Самдан

Заманауи бессай. Семсерлесу 10:00 - Елена Потапенко

Каратэ. 67 кило. А тобы. Екінші жекпе-жек 10:15 (шамамен) - Дархан Асаділов - Фирдовси Фарзалиев

Каратэ. 67 кило. А тобы. Үшінші жекпе-жек 10:35 (шамамен) - Дархан Асаділов - Саго Наото Каратэ.

67 кило. А тобы. Төртінші жекпе-жек 11:05 (шамамен) - Дархан Асаділов - Али Эль-Сави

Бокс. 52 кило. Жартылай финал. 11:48 - Сәкен Бибосынов - Джалал Яфай

Велоспорт. Трек. Омниум - скрэтч 12:30 - Артем Захаров

Жеңіл атлетика. Спорттық жүріс. Финал. 13:30 - Георгий Шейко

Заманауи бессайыс. Семсерлесу. 13:30 - Павел Ильяшенко

Каратэ. 55 кило. В тобы. Бірінші жекпе-жек. 14:00 - Мөлдір Жаңбырбай - Сайед Радва Каратэ. 55 кило. В тобы. Екінші жекпе-жек. 14:25 (шамамен) - Мөлдір Жаңбырбай - Беттина Планк

Каратэ. 55 кило. В тобы. Үшінші жекпе-жек 14:45 (шамамен) - Мөлдір Жаңбырбай - Анжелика Терлюга

Каратэ. 55 кило. В тобы. Төртінші жекпе-жек 15:00 - Мөлдір Жаңбырбай - Михо Мияхара

Еркін күрес. 57 кило. 3-орынға талас. 15:45 (шамамен) - Нұрислам Санаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу