"Қазақ тілі" қоғамы бизнес бағытындағы ағартушылықты қолдай бастады

2323

Кездесуде кәсіпкерлік саласында қазақ тілінің мәртебесін арттырудың жолдары мен қолдану аясын кеңейту жобалары талқыланды.

"Қазақ тілі" қоғамы бизнес бағытындағы ағартушылықты қолдай бастады Фото: «Қазақ тілі» қоғамы

2024 жылы 17 мамыр күні  Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы мен SANA FOUNDATION қоғамдық қоры арасында бірлескен меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы 1989 жылдан бері ҚР Ата заңы (Конституциясы), Тіл туралы Заңы, өзінің Жарғысы және Халықаралық нормалар негізінде қызмет жасайтын ұйым. Омбы, Орынбор, Астрахань, Қорған, Санкт-Петербург, Саратов, Волгоград қаласында, Моңғолия, Түркия, т.б. қалаларында бөлімшелері бар.

Меморандумға тұңғыш қазақ тіліндегі экономикалық-бизнес форумын ұйымдастырған, кәсіпкерлік ағартушылықпен айналыса отырып, зияткерлік, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын SANA FOUNDATION атынан  белгілі экономист, тәуелсіз сарапшы Мақсат Халық мырза келді.

Іскерлік этика мен кәсіпкерлік кодты қалыптастыруды мақсат еткен келісім бірлескен іс-шаралар, семинарлар мен форумдар өткізуге, бизнес әдебиет пен материалдарды көбейтуге, қазақ тілінде сапалы медиа және онлайн контентті дамытуға жалғаспақ.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік жауапкершілік негізінде зияткерлікті қалыптастыру мен ағартушылықты трендке айналдыру мақсатында әлеуметтік жобалар легі жоспарланды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу