Қазақ тілінде сұрақ қойған журналистті келемеждеген Черчесовке 738 мың теңге айыппұл салынды

1561

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовке қазақ тіліне қатысты сөйлеген сөзі үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Қазақ тілінде сұрақ қойған журналистті келемеждеген Черчесовке 738 мың теңге айыппұл салынды Фото: Денис Бушковский / Матч ТВ

Айта кетейік, Станислав Черчесов Қазақстанның Ұлттар лигасы аясында өз алаңымызда өткен Словениямен кездесуінен кейінгі баспасөз мәслихатында ПСЖ жейдесін киген журналистке "французша сөйлеп тұрсың ба?" деп жөнсіз әзілдеген. 

Оған осы әрекеті үшін 200 АЕК немесе 738 400 теңге көлемінде айыппұл салынды.

"Черчесовтің әзілдері кейде шектен шығып кетеді. Онымен жеке сөйлесіп, мемлекеттік тілдің өзектілігі мен басымдығын түсіндірдім. Онымен әңгімелесіп, жұмыс істедік. Оған айыппұл салынды", – деді Қазақстан Футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу