Тоқаев: Қазақ жастары технарь болуы керек

2196

Ірі бизнес жастарды іс-тәжірибеге енгізіп, оқу орындарын зертханалар мен шеберханалармен жабдықтауы керек. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесмендермен кездесу барысында айтты. 

Тоқаев: Қазақ жастары технарь болуы керек

Президенттің айтуынша, мемлекеттік сектор қаншалықты ірі болғанымен де, ол мемлекеттің экономикалық жүйесінің бір бөлігі ғана. Республика бюджетінің барлық шығысы: зейнетақы, әлеуметтік міндеттілік және даму бюджеті шамамен 15 трлн теңге (ЖІӨ-нің 20%-дан азы). Қалғанының бәрін нарық, ірі және шағын кәсіпорындар қалыптастырады.

"Сондықтан оң өзгерістерді, елдің дамуы көбіне бизнеске байланысты екенін тағы да атап өткім келеді. Өндіріске, сапалы жұмыс орындарын құруға, ғылым мен білімге қаражат міндетті түрде төленеді. Сіздер мұнымен шұғылдануларыңыз керек. Мысалы, білікті кадрлардың, әсіресе техникалық мамандықтар бойынша мамандардың жоқтығына шағымданудың орнына, неге ірі бизнеске колледждерге қамқорлық жасауға, олардың қамқоршылық кеңестеріне кіруге, жастарды практикаға алуға, зертханалар мен шеберханаларды жабдықтауға болмайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл бағытта жекелеген компаниялар жұмыс істеп жатыр, бірақ оны дұрыстап жолға қою керек.

"Жалпы елдегі білім беруді қайта форматтағым келеді. Бізде экономист, заңгер, менеджер сынды мамандар тым көп. Енді техникалық рельске түсу керек. "Болашақ" бағдарламасын қайта бағдарлау қажет. Жастарды оқуға, соның ішінде Ресейге бағыттаған жөн. Мүмкін, ең алдымен Ресейге, белгілі техникалық жоғары оқу орындарына жөнелтеміз", – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстанда әлемнің жетекші университеттерінің техникалық мамандықтар бойынша филиалдарын ашуды тапсырғанын еске салды.

"Қазақтар, қазақ жастары, технарь болуы керек. Үкімет осы мәселелердің барлығын егжей-тегжейлі пысықтағаны жөн. Егер әрбір қаржылық өнеркәсіптік топ заманауи зауыт салып, ауылдардан, қала маңынан келген мыңдаған баланы мыңнан оқытса, оларға адал ақша табуға мүмкіндік берсе, бұл әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды кепілі болады", – дейді Тоқаев.

Оның айтуынша, бұл іс бизнестің жауапкершілігінің бірі болуы керек. Оған керек капитал, тәжірибе, басқарушылар тобы, нарықтардың нақты көрінісі – бәрі кәсіпкерлерде бар.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу