Қазақ жазушылары неге Нобель сыйлығын ала алмайды?

4535

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды? Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасаған апталық шолуы.  

Қазақ жазушылары неге Нобель сыйлығын ала алмайды?

Qmonitor.kz: "Қазақ жазушылары неге Нобель сыйлығын ала алмайды?" деп жазады аталмыш басылым. Басылымның хабарлауынша, үстіміздегі жылы әлемдегі ең беделді Нобель сыйлығына 120 жыл толады. Осыған орай басылым "Қазақстанда осы сыйлыққа ие тұлға бар ма" деген сұрақ төңірегінде сөз қозғайды. Алайда бұл тақырып жайында пікір білдірушілер болмағандықтан, автор оқырман назарына өз көзқарасын ұсынады. 

Қойылған сұраққа жауап беру үшін мақала авторы Кеңес одағында шыққан әдеби шығармалар мен әлем әдебиетінде дүниеге келген Нобель сыйлығына лайықты болған шығармаларды салыстырады. Салыстыра келе, Кеңес одағы кезінде дүниеге келген шығармалардың көбі "көркем әдебиетке" қатысы болмағанын айтады. Сонымен қатар қай жазушы Нобель сыйлығын алуға қай жазушы лайық болғанын жазады. Мақала авторының пікірінше, бұл тізімде Қазақ ССР-нен шыққан жазушы жоқ. Бұл, әсіресе, соғыс жылдарынан кейін шыққан прозаға қатысты. Себебі олардың басым көпшілігі соцреализм қалпында жазып келген.

"Бүгінгі заман жазушыларының Нобель сыйлығын алатын мүмкіндігі мүлдем аз. Себебі Кеңес одағының ыдырауы оларды шетелдік оқырманға шығаратын жолынан айырды. Жаңа жол салу оңай емес. Соңғы жылдары демеушілердің және мемлекеттің арқасында кейбір шығармалар ағылшын тіліне аударыла бастады, алайда бұл тым аз. Әрине, оңтайлы жолы жазушының өзі шет тілін біліп, өзі аударғаны еді, алайда жазушылардың басым көпшілігі "жалқау, білімқұмар емес"", – деп жазады мақала авторы.

Ehonews.kz: "Тарихты Кеңес Одағының беделін түсіру мақсатында пайдалану неге әкелуі мүмкін" деген мәселе көтереді аталмыш интернет-басылым. Бұл мақалада автор Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, Қазақстан мектептерінде ұлттық тарих курсы қайта қаралғанын, нәтижесінде азаматтардың тарих жөніндегі білім деңгейі төмендегенін айтады. Кітапханалар мен кітап дүкендерінен сапалы тарихи әдебиетті табу қиынға түскен. 

Мақала авторының пайымдауынша, 8-сынып оқулығында Ленин, Сталин және большевиктар ашаршылық пен геноцид ұйымдастырушылар болып көрсетілген. Сонымен қатар, ешбір жерде Ленин арқылы Қазақстан автономияға қол жеткізіп, соңынан одақтық республикаға айналғаны  көрсетілмеген. 

"Қазақстанда Кеңес одағының билігі осы елдегі ашаршылықты ұйымдастырды деген мағынада көптеген кітап шығарылып, түрлі деректі және көркем фильмдер дүниеге келіп жатыр. Менің жеке пікірімше, бұл фильмдер халықтың Кеңес одағына деген өшпенділігін тудыруы керек. Билік халықты қазіргі кезде бар игі істермен біріктірудің орнына өткен замандағы келеңсіздікпен біріктіргісі келеді. Менің ойымша, бұл украиндық сценарий бойынша жүріп келе жатқан үрдіс", – деп жазады мақала авторы.

Оның пайымдауынша, бұл мемлекетті де, халықты да жақсылыққа әкелмейді.

Time.kz: Петропавлдағы кәсіпкерлер жаппай кәсіпорындарын сатып жатыр, деп жазады газет. Тегін жарнама сайтынан кафе, мейрамхана, базар және автовокзал сатылатыны туралы оқуға болады. Оның себебін кәсіпкерлер түсетін кірістің төмендігімен түсіндірген. 

Басылымның хабарлауынша, қазіргі кезде бұл облыс орталығынан сатылымға қойған базар, конақүй кешенін және автовокзалды көруге болады. Мәселен, автоквокзалды 400 млн теңгеге сатып алуға болады.

"Біздің жағдайымыз өте қиын. Себебі біз жұмыс істеп жатқан жоқпыз, әрең күн көріп жатырмыз. Сол себепті автовокзалды сатып жатырмыз. Тасымалдаушы компаниялар маршруттарын жауып жатыр, ары-бері жүретін жолаушылар азайған, соның салдарынан біздің күн көрісіміз төмендеп кетті", – дейді автовокзал директоры Александра Сысоева.

Кәсіпкердің айтуынша, мұндай жағдайға олар 21 жылда бірінші рет тап болып отыр. Күні бүгінге дейін санитарлық дәрігерлердің талабы бойынша, халықаралық және облысаралық жолаушы тасымалы тоқтап тұр. Осының салдарынан кәсіпорындардың жағдайы қиындап отыр.

Liter.kz: "Азия чемпионы сыйлыққа берген пәтерсіз қалды", деп жазады газет. Мақалада алданып қалған спортшы Айдар Қазов туралы жазған. Себебі оны Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі пәтер беріп алдаған, оны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы күллі елге жариялаған. Ал шын мәнінде 26 жасар спортшының алданып, еңсесі түсіп қалған. 

Басылымның хабарлауынша, 2015 жылы Айдар Қазов ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанған. Мемлекет ішінде өтетін жарыстарда Айдар Солтүстік Қазақстан облысынан шығатын болғандықтан, жергілікті билік өкілдері оны ынталандыру мақсатында оған пәтер беретіні туралы айтқан.

"2016 жылы салтанатты жағдайда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Әрине, мен сыйлық алғаныма қуандым, бірақ мен оны ешкімнен сұраған емеспін",– дейді Айдар Қазов.

Жас жігіт дер кезінде пәтер құжаттарын реттей алмаған. Сөйтіп жүргенде уақыт өтіп, спортшы пәтерсіз қалған. Алданған спортшы мәселенің мән-жайын білу үшін жергілікті басшыларға барған. Нәтижесінде көп пәтерлі үйді салған компания банкротка ұшырап, оған берген пәтер сатылып кеткенін түсіндірген. Осының салдарынан еңсесі түсіп кеткен жас жігіт спорттан кеткісі келіп жүр.

Гүлмира Қамзиева


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу