"Қазақавтожол" сенімді басқаруда болады

3026

Тендерге қатысу үшін 2 млрд 787, 5 млн теңге кепіл жарна ұсыну қажет.

"Қазақавтожол" сенімді басқаруда болады

Үкіметтің қаулысымен 1998 жылы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ретінде құрылған "Қазақавтожол" ЖШС-ның бастапқы бағасы 18 млрд 583,2 млн теңге деп белгіленді. 15 қаңтар күні өтетін тендерде жеңімпаз анықталса, "Қазақавтожол" сатып алу құқығымен 3 жылға сенімді басқаруға беріледі.

"Қазақавтожол" ЖШС-ның барлық акцияларын иеленіп, сенімді басқарушыға айналуы мүмкін үміткерлерге ЖШС-ның қазіргі міндетін толық өз мойнына алу талабы қойылған. Сәйкесінше, 3 жылда басқарушы компания арнайы мамандандырылған 300 бірлік жол техникасын, 200-ден астам құрал-жабдық сатып алуға және автомобиль жолдарында төтенше немесе техногенді жағдай орын алғанда шұғыл әрі тисінше әрекет етуге тиіс. Бұл үшін басқарушы компания жергілікті атқарушы билікпен қарым-қатынас ортауы керек.

Айта кетейік, "Қазақавтожол" РМК құрамында 14 облыстық филиал, 77 жол-пайдалану бөлімшесі, 174 жол-пайдалану пункті бар. Аталмыш мекеменің 3,5 мың қызметкері республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының сапасы мен тазалығына жауап береді.

"Қазақавтожол" РМК-ның техникалық базасына өндірістік кешендер, жөндеу шеберханалары, асфальт-бетон зауыттары, арнайы жол техникалары кіреді. Техникалардың жалпы саны 1993 бірлікті құрайды. Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстау үшін автогрейдер, шнекоротор, бульдозер, каток, жүк тиегіш сынды көпфункционалды техникалар қолданылады.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу