"Қазақмыс" компаниялар тобының қызметкерлері арасында коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты үйдегі карантинде отырған және індет жұқтырған мамандарды қосымша әлеуметтік қолдау шаралары қабылданды.
Ережеге сәйкес КВИ жұқтырған және медициналық мекемелерде карантинде немесе үйде оқшауланған қызметкерлерге уақытша еңбекке жарамыздығына байланысты айына 15 АЕК жәрдемақы беріледі.
Бірақ "Қазақмыс Холдингі" ЖШС басшылығы КВИ жұқтырғандықтан медициналық мекемелерде ем қабылдап жатқан немесе "жақын байланыста", "байланыста болуы мүмкін" деп уақытша үйде оқшауланған қызметкерлеріне рухани қолдау мен ерекше қамқорлық таныта отырып, уақытша еңбекке жарамыздық кезеңіне орташа жалқы көлемінде төлем жасау жөнінде шешім қабылдады.
Анықтама: "Қазақмыс" – Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші, табиғи ресурстарды өндіру мен қайта өңдеудің халықаралық компаниясы. Корпорация мыс және басқа пайдалы қазбаларды іздеу, барлау, өндіру, байыту, өңдеу және экспорттауды жүзеге асырады. Сондай-ақ, компания алтын және күміс құймалары, күкірт қышқылы, селен және мыс теллурид, қорғасын шаңын шығарады.
Құралай Құдайберген