"Қазақмыс" Корпорациясы" Оңтүстік Корея Республикасындағы озық госпитальдардың бірінің ресми серіктесі болды

2972

"Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС басшылығы, Оңтүстік Кореяның Енсе университетінің "Северанс" госпиталі және "Severance-KZ халықаралық медициналық қор" қоғамдық қоры ұзақмерзімді ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойды.

"Қазақмыс" Корпорациясы" Оңтүстік Корея Республикасындағы озық госпитальдардың бірінің ресми серіктесі болды

"Северанс" госпиталі – Азиядағы денсаулық сақтау жүйесінде көшбасшы болып танылған Корея Республикасының ең үздік медициналық мекемелерінің бірі. Госпиталь мамандары Оңтүстік Корея астанасындағы Енсе Университетінің академиялық базасында жұмыс істейді.

Қол қойлған меморандумға сәйкес Оңтүстік Корея мамандары Жезқазғандағы медициналық орталық қызметкерлеріне ғылыми және өндірістік медицина саласында тәжірибелік және консультациялық көмек көрсетеді. Сондай-ақ келісім денсаулық сақтау саласындағы ең заманауи технологияларды енгізуді және біздің дәрігерлерді Енсе Университетінің арнайы әзірленген бағдарламасы негізінде оқытуды қарастырады.

"Тап осындай тығыз ынтымақтастық "Қазақмыс" компаниялар тобы жұмыскерлеріне және Жезқазған өңірінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға қатысты міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді", – деп атап кетті "Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС –ның басқарушы кеңесінің бас директоры Бақтияр Қырықпышев.  

Қол қойылған меморандум Қазақстан Тұңғыш президентінен бастау алған денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан-Корея ынтымақтастығында тағы бір маңызды қадам болды. Нұрсұлтан Назарбаев Енсе Университетінің құрметті докторы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу