"Қазақмыс"-тың кен байыту фабрикалары 2018 жылы 30 млн тонна кен өңдеді

18498

"Қазақмыс Холдингі" ЖШС 2018 жылы катодқа теңегенде 238,858 мың тонна мыс өндірді.

 "Қазақмыс"-тың кен байыту фабрикалары 2018 жылы 30 млн тонна кен өңдеді

Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың (2017) осындай кезеңінде өндірілгеннен  5,1 мың тоннаға (+2,2%) асып түсті. 3112 келі алтын құймасы шығарылды, былтырғы жылдың осындай кезеңінде 2250 кг өндірілген болатын. Биыл алтын құймасы 862 келіге (+38,3%) артқан, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Жыл қорытындысы бойынша кен құрамындағы мыстың орташа мөлшері 0,94%-ды құрады, бұл жоспарланғаннан 1,1%-ға жоғары.

"Қазақмыс" корпорациясының байыту фабрикалы 30 млн тонна кен өңдеген.

"Қазақмыс Холдингі" ЖШС 2019 жылы катодтық баламадағы 238,6 мың тонна мыс өндіруді жоспарлап отыр.

 "Жезқазған мыс балқыту зауытында екінші кен қыздыру пешін іске қосу – былтырғы жылдың басты оқиғаларының бірі болды. Екі пешті қолдану тағы екі ықтимал кен орны – Бозшакөл мен Ақтоғайдың өнімдерін өңдеуге мүмкіндік береді. Жаңа күкіртқышқыл цехын салу – Жезқазған мыс қорыту зауытының экологияға зиян келтірмей жоспарлы қуатқа шығуына мүмкіндік береді. Ол екі күкіртқышқыл балқыту пештерімен байланыста жұмыс істейтін болады", – деді "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-ның басқару кеңесінің бас директоры Бахтияр Қырықпышев.

"Қазақмыс Холдингі" ЖШС – Қазақстандағы табиғат ресурстарын өндіру мен өңдеу бойынша жетекші компания. Компания құрамында он бір кен орны, төрт тау-кен байыту фабрикасы, екі мыс балқыту зауыты және екі көмір разрезі бар. "Қазақмыс" компаниясы кен өндіру мен оны тауарлық металлға айналдыратын өндірістік нысандарды басқарады. 2018 жылы 238,858 мың тонна катодтық баламадағы мыс, 3112 кг алтын құймасы өндірілді.

"Қазақмыс" – ең ірі өндірушілердің бірі.     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу