Қазақстан 12 миллион тонна астық экспортын жасайды

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин айтқан. 

Қазақстан 12 миллион тонна астық экспортын жасайды Фото: 24kz

Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген ол астық тасымалдағыш пен жабық вагондардың сақадай-сай тұрғанын жеткізген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Бүгінгі күні астық тасымалдауға шамамен 11,8 мың астық тасымалдағыш пен 16 мың жабық вагон жұмылдырылған. Қолданыстағы парк астық тасымалдау қажеттілігін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Барлық бағытта астық жүктерімен вагондардың нормативтік айналымы қамтамасыз етілген. Биыл астық экспортының әлеуеті 12 млн тонна деңгейінде болжанып отыр, – дейді вице-премьер.

Серік Жұманғариннің сөзінше, биылғы жылдың 11 айы қорытындысында "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы 9,2 млн тонна астық жүгін тасымалдаған. Оның 7 миллион тоннасы экспортқа шығып отыр. 

– Оның 2,2 млн тоннасы ішкі бағыттар бойынша болса, 7 млн тоннасы экспортқа жіберілді. Жаңа егін экспорты (қыркүйек-қараша) 2 млн 871 мың тоннаны құрады. Бұл 2023 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда (1 млн 907 тонна) 51 пайызға жоғары, – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу