Қазақстан 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресми түрде БРИКС-тің серіктес мемлекет мәртебесін алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"13 мемлекетке тиісті шақырулар жіберілді. Бүгінде Беларусь, Боливия, Индонезия, Қазақстан, Куба, Малайзия, Таиланд, Уганда және Өзбекстан БРИКС бойынша серіктес болуға дайын екенін растады", – деді Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков.
Қазақстанмен қатар сегіз мемлекет БРИКС серіктесі болуға шақыруды қабылдады.
Бұл мәртебе арқылы жаңа серіктестер БРИКС саммиттерінің жеке кездесулеріне, сыртқы істер министрлерінің кездесулеріне, қауіпсіздік мәселелеріне жауапты жоғары өкілдердің кездесулеріне және қауымдастықтың басқа да іс-шараларына қатыса алады.